Нәижесінде, боксшыларымыз Литвадағы жарыста 6 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды.
Литваның Каунас қаласында бокстан Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирде 9 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығып, соның алтауы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мәселен, 57 келіге дейінгі салмақта Асылжан Серікбай украиналық Денис Роздольскиді екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдылықпен ұтты.
Ирландиялық Паул Хэйл Джон жекпе-жектен бас тартқандықтан, Жандос Қыдырәлиев (63,5 кг) тағы бір алтынға қол жеткізді.
Қорғаныста сауатты қимылдап, шабуылда ширақтық танытқан Елнұр Сүйінбай (67 кг) Польша өкілі Кирилл Глобенкодан айласын асырды.
Фарух Тоқтасынов (71 кг) соңғы бәсекесін де қарқынды өткізіп, украиналық Максим Молоданға еш мүмкіндік берген жоқ.
Азамат Бектас (75 кг) поляк Михал Ярлинскидің әлсіз тұсын тапса, Тұрсынбай Құлахмет (80 кг) ағылшын Рамтин Мусадан бір бас жоғары екендігін көрсетті.
Ал Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг) соңғы айқаста украиналық Иван Завадскийге, Алмат Әбдуәли (60 кг) латвиялық Матвейс Прокудинске, Абзал Құттыбеков (86 кг) ағылшын Исаак Охоға төрешілер шешімімен жол берді. Нәижесінде, боксшыларымыз Литвадағы жарыста 6 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды.