Альгирдас Шоцикас турниріне әлемнің 17 елінен 120-ға жуық боксшы барған.
Литваның Каунас қаласында өтіп жатқан Альгирдас Шоцикас турнирінде қазақстандық боксшы Жандос Қыдыралив алтын жүлдеге ие болды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Қазақстан бокс федерациясы әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
63,5 келі салмақтағы Жандос Қыдырәлиев финалда ирландиялық боксшы Паул Хэйл Джонмен жекпе-жекке шығуы керек болған. Алайда қарсыласы жекпе-жектен бас тартқандықтан, жеңіс Қыдырәлиевке бұйырды.
Айта кетейік, Альгирдас Шоцикас турниріне әлемнің 17 елінен 120-ға жуық боксшы барған. Ал Қазақстаннан 11 былғары қолғап шебері аттанған болатын.