$ 494.87  520.65  4.91

Мәскеуде Қазақстан азаматтары үшін жедел желі іске қосылды

Соңғы мәліметтер бойында «Крокус Сити Холл» ғимаратындағы оқиға салдарынан қаза тапқандар саны 133-ке жетті.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында болған қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша жедел желі іске қосылды. Бұл туралы Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еске салсақ, бұған дейін белгісіз біреулер Мәскеудің Красногорск түбіндегі «Крокус Сити Холл» ғимаратында оқ жаудырған.

Ресей Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы Мәскеу облысындағы терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Федералдық қауіпсіздік қызметі оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы хабарлады.

Соңғы мәліметтер бойында «Крокус Сити Холл» ғимаратындағы оқиға салдарынан қаза тапқандар саны 133-ке жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары