$ 494.87  520.65  4.91

Әкімдік ғимараты суға кеткен: Орал қаласының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Штаб отырысында облысқа қарасты қалалар мен аудан әкімдері су тасқынының алдын алу бойынша қандай іс-шаралар атқарғаны жайында баяндады.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысында  әкім Нариман Төреғалиевтың жетекшілігімен  тасқын судың алдын алу бойынша облыстық жедел штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Штаб отырысында облысқа қарасты қалалар мен аудан әкімдері су тасқынының алдын алу бойынша қандай іс-шаралар атқарғаны жайында баяндады.

Облыс әкімі Орал қаласында жасалған жұмыстың олқылығына көңілі толмай,  әкімі Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жариялады.

Су тасқынына дайын болмағансыңдар. Қала әкімдігі ғимаратының өзі суға кеткен. Бұның бәрі жауапкершіліктің жоқтығын білдіреді. Кеше, және бүгін қаланы аралап жүрмін, кейбір шағын аудандарда мен келгенде ғана жұмыс басталып жатты. Орал қаласы әкіміне қатаң сөгіс жариялаймын. Қала мен аудандар күшейтілген режимде жұмыс істеулері керек. Жағдайды тәулік  бойы бақылауда ұстаңдар, – деді облыс әкімі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Орал қаласы