$ 494.87  520.65  4.91

«Ұялып, кірерге тесік таба алмаса»: Депутат букмекерлерге қатысты ұсыныс айтты

Букмекерлердің артында кім тұр?

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Бүгін Мәжілісте «Ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы» заң жобасы таныстырылды. Сол кезде Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи экс-президент Дариға Назарбаеваның букмекерлік кеңсемен қалай «күрескенін» есіне түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүкіл ел, халық болып лудоманиямен күресуге неге шамамамыз жетпей жатқанына таңғаламын. Осыдан 7-8 жыл бұрын біз букмекерлік кеңсенің быт-шытын шығардық. Қазақстанда тоз-тоз болып шықты. Алды АҚШ-қа кетті. Сол кезде олардың өкілдері маған, «Дат» газетіне хабарласты. Мен оларға «Мұның артында кім тұр?» деп сұрақ қойдым. Олар маған «Дариға Назарбаева» деп жауап берді. Қазір мен осылай деп нақты айта алмаймын. Олардың берген ақпараты осындай болды. Мұны ақпараттық тұрғыда айтып отырмын. Енді лицензиясы бар БК құрылтайшыларының деректерін жариялай аламыз ба? Кәдімгі ашық ақпаратта әрбір ата-ана өзінің қарызға батқан, кіріптар болған ұлына кім кінәлі екенін біліп жүрсе. БК адамы көшеде жүре алмайтын, ұялып, кірерге тесік таба алмай жүретін болса. Сондай мүмкіндік бізде бар ма?, - деп сұрады Ермұрат Бапи. 

Әділет министрлігінің өкілі бұл заңға қайшы екенін, адамның жеке деректерін көпшілікке жария етуге болмайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары