$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық боксшы Бакудегі бәсеке финалында әлем чемпионын жеңді

Төрешілер бірауыздан отандасымызды жеңімпаз деп таныды.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

92 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын Сағындық Тоғамбай Бакуде өткен "Ұлы Жібек жолы" бәсекесінде топ жарды. Ол финалда 2021 жылғы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Альфонсо Домингесті жеңді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әзербайжан елінің атынан жұдырықтасып жүрген кубалыққа қарсы жекпе-жекте Сағындық ширақ жұдырықтасты. Төрешілер бірауыздан отандасымызды жеңімпаз деп таныды. Осылайша ұлттық құрама қоржынына үшінші алтын медальды салды.

Бұған дейін Талғат Сырымбетов пен Дархан Дүйсебай жарыс жеңімпазы атанған болатын. Ал Теміртас Жүсіпов пен Тимур Қабдеш күміс жүлдені қанағат тұтты. 

Қазақстан құрамасы Бакудегі бәсекені 3 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен аяқтады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары