$ 443.37  474.49  4.83

Алматыда электр қуаты өшуі ықтимал

Кезекші бригадалар ақауларды тез арада жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

фото: pixabay
фото: pixabay

Алматыда ауа райы нашарлауына байланысты электр қуаты, оның ішінде сыртқы жарықтандыру желілері авариялық түрде ажыратылуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, "Алматы Қала Жарық" және "Алатау Жарық Компаниясының" апатты бригадалары күшейтілген режимде жұмыс істеп отыр.

Кезекші бригадалар барлық өтінішке жедел түрде жауап беріп, ақауларды тез арада жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Барлық ажыратулар туралы ақпаратты "АЖК" АҚ ресми сайтынан білуге болады. Ол үшін сайтта Алматының электр энергиясын ажырату бойынша "интерактивті картасы" бөліміне өту қажет.

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, мамандар электрмен жабдықтаудың үзілу себептеріне қатысты ақпаратты жедел ұсыну мақсатында "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС "Байланыс орталығына" 356-99-99 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалуды сұрайды.

Сыртқы ажыратулар анықталған жағдайда "Алматы Қала Жарыққа" жүгініп, мына нөмірлер бойынша қоңырау шалуға болады: 8771-718-24-39, 8771-718-24-56 немесе 390-20-40, 390-20-60.

Сондай- ақ әкімдік ақпаратына сәйкес, диспетчерлік пункттер тәулік бойы жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары