Қазір қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматы жоқ.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейдегі терактіден кейін қазақстандықтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Теракт (Мәскеудегі Крокус Сити Холдағы») адам шошытарлық болды. Біз оқиға болған Қазақстанның Ресейдегі елшілігімен хабарласып, бекітілген алгоритм бойынша жұмыс істедік. Жедел желінің телефон нөмірі жарияланды. Мәскеудегі біздің студенттер және басқа да Қазақстан азаматтарының бәрімен хабарласып, жағдайын анықтай бастадық. Қазір қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматы жоқ. Енді әлемде жағдай күрделініп барады. Сондықтан азаматтарымыз қай елде жүрсе де сол елдің билігі қойған заңды талаптарды орындауы керек. Енді сақ болып жүрген дұрыс деп ойлаймын, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Еске салсақ, 22 наурыз түні Мәскеудегі «Крокус Сити холл» концерт залында атыс болды. Салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар. Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың мәлімдеуінше, теракт құрбандарының саны 551 адамға жетті. Ал «Крокус Сити холл» концерт залында қазақ тапқандар арасында 5 бала болған.