$ 486.65  524.46  5.05

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі сот отырысында айтылған сөздерді жоққа шығарды

Хат мәтінінде Нүкенова Назымға балаларының өте тәрбиелі екенін жазған.

Коллаж: Tengrinews.kz
Коллаж: Tengrinews.kz

1 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаев Салтанат Нүкенова мен бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның қарым-қатынасы дұрыс болмағанын айтқан еді. Алайда Назым экс-министрдің бұл сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның бұлай істеуіне Бишімбаевтың кешегі сотта берген жауабы түрткі болған. Дәлірек айтсақ, Назым Қаһарман адвокаттардың сұрағына жауап берген Бишімбаевтың балалары туралы айта бергеніне ашуланды.

"Қайта-қайта балаларды айта береді. Оның үстіне, мен Салтанатқа хат жазған депті. Бірақ, ол өтірік", - деді Назым Қаһарман.

Ол алғашқы және соңғы рет сөйлескен хаттарының скриндерін жүктеді.

Хат мәтінінде Нүкенова Назымға балаларының өте тәрбиелі екенін жазған.

Сондай-ақ Назыммен танысып, араласып тұрғысы келетінін айтқан. Өз кезегінде Назым Салтанатпен қуана танысатынын, балалары оны қатты жақсы көретіндерін айтқан. Бұл сөзінің де дәлелі ретінде Назым Қаһарман қызының Салтанатқа жазған хатын көрсеткен. Нүкенованың қазасынан бері жарты жылға жуық уақыт өтсе де кішкентай қызы Whats'App арқылы Салтанатқа хат жазатынын жеткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары