$ 443.37  474.49  4.83

Астана әуежайын Юсуф Альджавдер басқаратын болды

2023 жылдың қараша айында Астана қаласының әуежайы «Terminals Holding» (БАӘ) компаниясының сенімгерлік басқаруына берілді.

Фото: t.me/nqzairport
Фото: t.me/nqzairport

Елорда әуежайының басқарма төрағасы болып Юсуф Альджавдер тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы болып ҚР Үкіметінің аппаратымен келісім бойынша Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер тағайындалды. Ерғазы Жолдасов бұрын атқарған қызметінен босатылды, - делінген әуежай ақпаратында.

Юсуф Альджавдердің авиация саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Түрлі лауазымдарда, соның ішінде «Emirates», «British Airways» әуе компанияларында, Дубай және Абу-Даби халықаралық әуежайларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Айта кетейік, 2023 жылдың қараша айында Астана қаласының әуежайы «Terminals Holding» (БАӘ) компаниясының сенімгерлік басқаруына берілді.

2024 жылғы 1 мамырдан бастап Инвестор жеке инвестициялар есебінен 20 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге кірісуді жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары