Тик-ток желісінде су тасқыны болған аймақтағы құтқарушылардың бірге дұға оқып, оразасын ашқан сәтінен видео тарады.
Әлеуметтік желіде су тасқыны болған өңірлердегі құтқарушылардың ауыз ашқан сәтінен тараған видео көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тик-ток желісінде су тасқыны болған аймақтағы Төтенше жағдай министрлігі құтқарушыларының бірге дұға оқып, оразасын ашқан сәтінен видео тарады. Видеоның астында азаматтарға риза болған көпшілік ризашылығын жаудырып, игі тілектерін тіледі.
«Алла разы болсын, оразаларыңыз қабыл болсын», «Алла жеңілдігін берсін, қазақтар мықты, барлығын жеңіп өтеміз», «Балалар, сендерге және ата-аналарыңа басымды иемін», «Ораза қабыл болсын жақсыларым», - деп жазды желі қолданушылары.