$ 494.87  520.65  4.91

Бишімбаев ісі: Прокурор сотта ресторандағы видеоның жазбаша нұсқасын оқыды

Бишімбаев әйелінің бөксе аймағынан бірнеше рет тепкілей бастаған.

Бишімбаев ісі бойынша сотта видео материалдар көрсетіліп жатыр. Прокурор Айжан Аймағанова сотта Салтанат Нүкенова өлтірілген «BAU» ресторанындағы видеоның жазбаша нұсқасын оқыды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Хаттамада Салтанаттың денесінде қанталаған, көгерген іздер болғаны да жазылған.

«Сағат 7.15-те Бишімбаев пен Нүкенова көліктен түсіп, ресторан ғимаратына қайта беттеген. Содан кейін сағат 7.17-де Бишімбаев Нүкеновамен бірге лифт арқылы 2-қабатқа көтерілді, лифттен түскен бойда Бишімбаев Нүкенованың басынан қолымен бірнеше рет ұрып, ол еденге құлаған. Бишімбаев әйелін бөксе аймағына бірнеше рет тепкілей бастады. Содан кейін ол оның шашынан көтеріп, қолымен басынан кері ұстап, қайтадан ұрды, ол қайтадан құлады. Сосын соңғысын шашынан көтеріп, №1 кабинаға сүйреп алып кетті», – делінген прокурор оқыған жазбада.

Ал түскен дейін өткен сотта Бишімбаев Нүкенова «бір-екі шапалақпен ұрғаннан кейін» марқұм әйелі өзі құлап, қабырғаға соғылды деген. Сонымен қоса сотталушы әйелін ұрғанын мойындап алайда оның «маңызы бар органдарына тигізбегенін» айтқан еді.

Дәл қазіргі сот отырысында тараптар басқа бейне дәлелдемелерді зерттеуде. 

Бұған дейін Байжановтың «Бишімбаев маған «былай айт» деп қысып көрсетіп жатыр» дегенін хабарлағанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары