$ 441.66  475.14  4.86

Бишімбаевтың ай сайынғы табысы қанша болған?

Ал Гастроцентр акцияларының бірі Бишімбаевтың анасына тиесілі.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Әйелін өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ай сайынғы табысы белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сот барысында жәбірленушінің адвокаты Бишімбаевтан Нүкеновамен бірге тұрған кезде қанша жалақы алғанын сұраған болатын.

"Ресми тіркелген жерімнен – айына 1 миллион теңге алдым. Ал мейрамхананың кірісіне байланысты табысым 8-ден 15 миллион теңгеге дейін болды", - деп жауап берді Бишімбаев.

Бишімбаев "БАУ" мейрамханасын басқаратынын және оған иелік ететінін түсіндірді. Ал Гастроцентр акцияларының бірі Бишімбаевтың анасына тиесілі.

"Қылмыс Бишімбаевтың мейрамханасында болды деп айтуға бола ма деген сұраққа сотталушы: "Иә, барлық жерде осылай жазып жатыр", - деп жауап берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары