$ 441.66  475.14  4.86

Су қоймасының жарылуы: Ақтөбенің әкімі тұрғындарға ескерту жасады (ВИДЕО)

Ақтөбе су қоймасына үлкен көлемде су құйылады деген болжам бар.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет шаһар тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қала басшысының айтуынша, Хромтаудың аумағында орналасқан Мағажан су қоймасының жарылып кету қаупіне байланысты Ақтөбе су қоймасына үлкен көлемде су құйылады деген болжам бар.

«Ақтөбе су қоймасының толуына байланысты шлюзді ашуға мәжбүрміз. Бұл судың жағасынан асып кетуіне әкелуі мүмкін екенін ескертеміз. Кірпішті көпірі ауданындағы Елек өзені мен Қарғалы өзенінің маңында орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын эвакуациялауға келісім беріп, үйлеріңізден шығуды сұраймын», – деді әкім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары