$ 439.43  473.31  4.82

Бишімбаевтың адвокаттары қойған сұраққа алқабилер күліп жіберді (ВИДЕО)

Марқұмның мойынында қылқындыру белгілері байқалған. Сарапшы бұл жарақаттар өзге адамның қолынан пайда болғанын айтты.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Бүгін әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша өтіп жатқан сот процесінде сотталушының адвокаты сот-сарапшысына сұрақ қойғаннан кейін алқабилер тарапынан күлкі естілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қосымша сот сараптамасын жүргізген медициналық сарапшыдан жауап алу кезінде Қуандық Бишімбаевтың адвокаты одан зерттеу барысында қандай әдістерді қолданғанын сұрады.

«Қандай әдістемелерді немесе арнайы әдебиеттерді пайдаландыңыз, тұжырымның зерттеу бөлігінде неге зерттеу сипаттамасы жоқ және бұл қорытындыға қалай келдіңіз? Жәбірленушілер тарапынан неге күлкі естілді, ескерту жасауыңызды сұраймын», – деді сотталушының адвокаты.

«Негізінде, алқабилер күлді», – деді оған судья.

Айта кетейік, Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН 2024 жылы 9 сәуірде сағат 14:30-дан бастап сот отырысы өтуде.

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/thfQkO8FAxw?feature=share

 Жоғарғы Соттың Telegram-арнасына https://t.me/Jogargy_sot жазылыңыздар және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттардағы хабарламаларды қарап отырыңыздар.

Еске салсақ, бұған дейін сотта сарапшы Салтанат Нүкенованың жарақаттары туралы айтты. Сарапшының айтуынша, Салтанаттың бетіне, бас сүйегіне 12-13 соққы тиіп, соның бәрі жиналып, өлімге әкеліп соққан. Сондай-ақ марқұмның мойынында қылқындыру белгілері байқалған. Сарапшы бұл жарақаттар өзге адамның қолынан пайда болғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары