$ 494.87  520.65  4.91

Монша кешенінде балалар лагерін ұйымдастырғандарға сот үкімі шықты

Былтыр жазда лагерьде демалып жатқан балалардың ата-анасы дабыл қақты. 2023 жылдың жазында Н. өзінің жеке мектебіне 50 баланы әкелген. 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Алматы соты ерекше қажеттіліктері бар балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жазғы демалыс орнын ұйымдастырушыларға үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Былтыр жазда лагерьде демалып жатқан балалардың ата-анасы дабыл қақты. Балалар демалысы саунада, массаж үстелдері, душ және жататын бөлмелері бар жерде ұйымдастырылған болып шықты.

Алматы қаласы Медеу ауданының N2 аудандық сотында пара алмақ болды және алаяқтық жасады деп айыпталған екі адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, М., Алматы қаласы Білім басқармасының мемлекеттік сатып алулар жөніндегі бас маманы бола тұра, кәсіпкер Н.-дан пара алу мақсатында оның «Б» ЖШС және «А» ЖШС компанияларын ерекше қажеттіліктері бар балалардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы деп таныған.

2023 жылдың жазында Н. өзінің жеке мектебіне 50 баланы әкелген. Сол күні балалар лагерін ұйымдастырамыз деген желеумен 300 баланы фитнес орталығы бар монша кешеніне әкелген.

 Балалардың ата-аналары жеке мектеп пен фитнес-орталығы бар монша кешенінің шын мәнінде балалардың демалыс аймағына айналғанын біліп, балаларды үйлеріне алып кеткен.

 М. және Н.-ның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде қолайсыз жағдайда, бейтаныс адамдардың арасында болған, оның ішінде ерекше күтімді қажет ететін балалардың жазғы демалысы бұзылған.

Сотталушылардың кінәсі іс бойынша жинақталған дәлелдемелермен, сотталушы Н.-ның кінәлі іс-әрекеттерді жасағанын мойындауымен, куәлардың айғақтарымен, мамандардың қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және т.б. дәлелденді.

Сот барысында сотталушы М., кінәсін мойындамай, соттан өзін ақтауды сұрады.

Сотталушы Н., өз кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Прокурор М. – 7 жыл, Н. – 5 жыл жаза тағайындауды сұрады.

 «Сот үкімімен М., аса ірі мөлшерде пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылды. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.  Н. аса ірі мөлшерде алдау және сенімге қиянат жасау арқылы алаяқтық әрекеті үшін сотталды. Оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән-жайларды: соттылығының болмауын, сотталушы М.-ның асырауында екі кішкентай баласының болуын және Н.-ның жасаған қылмысына өкінуін ескерді. Ешқандай ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ», - делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары