Естеріңізге сала кетсек, Астанада әйелін өлтірді деген айыппен ісі қаралып жатқан Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сот барысында хал үстінде жатқан әйеліне дәрігердің орнына, балгерге хабарласқанын айтқан болатын.
Спорт комментаторы Әлімжан Асқар елде резонанс турырған оқиғаның фигуранты, экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сөзін футбол матчы кезінде сарказммен қолданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Шахтер" мен "Астана" футбол клубтарының матч уақытында комментатор жығылып қалған футболшыға көмек көрсету үшін «көріпкел емес, дәрігер шақырған дұрыс» деп әзілдеді.
«Дәрігер шықыруымыз керек сияқты. Жалпы, бір адамға көмек керек кезде, жедел-жәрдем, дәрігерлер шақырған дұрыс. Әйтпесе кейбір ақымақтар балгерлерге хабарласады екен. Жоқ, әркім өз жұмысын істесін. Дәрігерлер келіп, көмек көрсеткен жөн болады. Дәл қазір Ашортионы зеңбілмен алып кетуге дайындалып жатыр», - деді ол.