Жайдан-жай ашуланып, айғайлап, кемсіте салуы мүмкін. Әбден қалжырап біттім.
Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысында прокурор Салтанат Нүкенова мен құрбысы Аида Ахмединаның диалогын оқыды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Прокурор Ахмедина мен Нүкенованың 2023 жылы 19 сәуірдегі диалогын оқыды. Салтанат Нүкенова түнгі екі шамасында құрбысына жазып, адвокат керегін айтқан.
Ол менің заттарымды бермейді. Жалғыз келе алмаймын, ағам немесе әкеммен баруым керек. Кез келген нәрсеге дайын болуым керек. Маған ештеңе керек емес. Тек заттарымды алып кеткім келеді, - деп жазған Салтанат құрбысына.
Аида Ахмедина қандай көмек керегін сұраған.
"Ол мені жайдан-жай жібере салуы екіталай. Мені ұрған суретім бар. Ол сурет Айтымда (Салтанаттың ағасы) да бар. Бетімде сау жер қалмаған", - дейді Салтанат.
Осы кезде Салтанат ағасы Айтым мен Бишімбаевтың төбелесіп қалған кезі туралы әңгімелеп берген.
"Ол мені ұрған кездегі суреттер бар болғандықтан мені жібермейтінін айтты. Біз оған осы суреттермен қоқан-лоқы көрсетеміз деп ойлайды. Сол суреттерді жариялап, ақша талап етеді деп ойлайды. Мені жалаңаш видеоға түсуімді сұрады. Осылай өзіне де кепілдік жасап алмақ. Оған (Бишімбаевқа) ешкім қоқан-лоқы көрсетпеуі үшін түсіртті. "Монстрсың" дедім. Бірақ мені видеосыз жібермейтінін білдім", - дейді Салтанат.
"Сонда видео түсірдің бе?", деп сұраған құрбысы.
"Иә, кету үшін түсірдім. Басқа амалым болмады. Шаршап кеттім. Басқа ешкіммен араласпаймын. Менің әр қадамымды, әр хатты, әр қоңырауды бақылап отырады. Телефонды артық ұстамаймын. Жайдан-жай ашуланып, айғайлап, кемсіте салуы мүмкін. Әбден қалжырап біттім. Жанжал шығып кетпесін деп үндемей қоя саламын. Маньяк сияқты жақсы көреді, бұл махаббат емес", - дейді Салтанат.
"Сұмдық қой, жаным", - дейді Ахмедина.
"Мен оның айтқандарын 24-те 7 істеуім керек. Қарсы шықсам жанжал басталады. Күн сайын жанжал. Алматыда заттарымды жинап, кеткім келген кезде шашымды жұлып алды. Мұндай жағдай бірнеше рет болды. Шашымды жұлып, айғайлайды", - дейді Салтанат.