$ 441.58  480  4.86

Астанада кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласқан шенеунік жазаланды

Оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Фото: unsplash.com
Фото: unsplash.com

Елордада мемлекеттік қызметкер кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Астана қаласының прокуратурасының мәліметінше, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдар тарапынан тыйым салу және шектеу шараларын қолдануының заңдылығына талдау жүргізілген.

"Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары кәсіпкер тарапынан растайтын құжаттар толық ұсынылғанына қарамастан, оған электронды шот-фактураларды жазып беруді шектегені анықталды. Бұл мән-жайлар сотпен оның әрекеті заңсыз деп тану туралы әкімшілік істі қарау барысында да расталды", - делінген хабарламада.

Прокурордың қаулысымен мемлекеттік қызметкер ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары