$ 495.2  522.34  4.94

Қазақстандық спортшы үш дүркін Азия чемпионы атанды

Тағы бір қазақстандық Асыл Айтақын да 61 келіге дейінгі салмақта алтын үшін белдескенімен, ақтық сында кілем иесі Тайырбек Жұмашбек Уулунан жеңіліп қалды.

Фото: instagram.com/qaz_olympics
Фото: instagram.com/qaz_olympics

Қазақстандық еркін күресші Азамат Дәулетбеков Қырғызстанда өтіп жатқан Азия чемпионатында финалдық кездесу өткізді,Еркін күрестен 86 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қазақстан құрамасының капитаны үш дүркін Азия чемпионы атанды. Ол финалда Өзбекстан өкілі Жабраил Шапиевті жеңіп, құрлықтық турнирде өз командасына алғашқы алтынды әкелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жеңіске жету жолында Дәулетбеков ирандық Хади Вафаейпураны (3:1) және қытайлық Пейлонг Лиді (11:0) жеңді.

Айта кетейік, Азаматтың Париж-2024 Олимпиадасына лицензиясы бар.

Ол күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері өнерлерін аяқтады. Қазақстан құрамасының капитаны Азамат Дәулетбеков 86 келі салмақта топ жарып, үшінші рет Азия чемпионы атанды. Қазақстандық спортшы финалда бұрынғы қарсыласы, Азия ойындарында есе жіберген өзбекстандық Жабраил Шапиевті жеңді. Белдесу барысында ұтылып жатқан Дәулетбеков соңғы 15 секунд қалғанда 4 ұпайлық әдіс жасап, 5:2 есебімен жарыс жеңімпазы атанды. Осылайша отандасымыз еркін күрес шеберлері арасында жалғыз алтын жүлдеге болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары