$ 495.2  522.34  4.94

Бүгін - Шөмішбай Сариевтің туған күні

«Теңізден соққан жел» атты өлеңдер жинағын хинди тіліне Варьям Синх аударды.

Фото: liter.kz
Фото: liter.kz

Осыдан 78 жыл бұрын (1946-2021) ақын, аудармашы, Кафка атындағы Халықаралық сыйлықтың және «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Жыл Адамы - Алтын Адам» сыйлығының иегері Шөмішбай Нағашыбайұлы САРИЕВ дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қызылорда облысы Арал ауданында туған. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универститетін) бітірген.

Еңбек жолын Қазалы аудандық «Ленин туы», Арал аудандық «Толқын» газеттерінен бастаған. Кейіннен «Қазақстан» баспасының редакторы, «Жұлдыз» журналы бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми, аға ғылыми қызметкері болған.

Алғашқы өлеңі 1974 жылы сол кездегі жас ақындардың «Балауса» өлеңдер жинағына енген. Ақынның «Ғашықтар жыры», «Бозжорға» авторлық бейнетаспалары және «20 ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы поэзиясы» атты монографиясы және қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы жарық көрген. 300-ден астам өлеңнің авторы. Ол Г. Гулиа, О. Берггольц, И. Абашидзе, С. Викулов, Ф. Алиева, тағы басқа ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. «Теңізден соққан жел» атты өлеңдер жинағын хинди тіліне Варьям Синх аударды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары