$ 494.87  520.65  4.91

«Тағы бір тұрмыстық зорлық-зомбылық»: Күйеуі әйелін аяусыз сабаған видео тарады

Жанында жерде комбинезонда сәби жатыр.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде тағы бір тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар видео тарады. Оқиғаның куәгерлері қоғамнан көмек сұрады. Олардың айтуынша, әйелі құқық қорғау органдарына хабарласқысы келмейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

Жанында жерде комбинезонда сәби жатыр. Күйеуі бейтаныс адамдардың көзінше әйелін балағаттап, ұрып-соғып жатыр. Әйел полицияға хабарласқысы келмей жатыр, - делінген "Не молчи" қоры таратқан хабарламада.

Оқиға Алматы облысында тіркелген. 1979 жылы туған ер азамат анықталды. Қазіргі уақытта жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары