$ 442.05  474.14  4.74

Олимпиада жүлдегері Ислам Байрамуков лауазымды қызметке тағайындалды

Ислам Байрамуков – еркін күрестен Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Еркін күрестен спорт шебері Ислам Байрамүков Республикалық спорт колледжінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығының негізінде Алматы қаласындағы «Республикалық спорт колледжінің» директоры лауазымына Ислам Ілиясұлы Байрамуков тағайындалды, - деп жариялады Спорт және Туризм министрлігі.

Ислам Байрамуков – еркін күрестен Еңбек сіңірген спорт шебері және Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері. 1971 жылы Жамбыл облысының Каменка ауылында дүниеге келген. Республикалық олимпиада резерві училищесін (1989); Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының «Дене шынықтыру мен спорт оқытушысы» мамандығын бітірген (1993).

«Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резервтің дирекциясы» РМКК спортшы-нұсқаушысы (1993-2004). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану» мамандығын (2003), Мәскеу әлеуметтік-гуманитарлық университетін (Қаржы және экономика) (2005) аяқтаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары