$ 494.87  520.65  4.91

«Ол адам өлтірді»: Сотта ашуланған Байжанов Бишімбаевты айыптады

Айыпталушы бұл айыптарды мойындамайтынын айтты. 

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Айыпталушы Байжанов Нүкенова қаза тапқан күнгі Бишімбаев пен қазіргі Бишімбаевты салыстыру қиын екенін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

«Ол адам өлтірді. Ол кезде Бишімбаев «Бақытжан, мен адам өлтірдім, балаларымның, әке-шешемнің бетіне қалай қараймын. Қолыммен істегенді мойныммен көтерем, мен өлем» жеп жылаған. Қазір мүлде басқа адам болып отыр. Ол кезде мұндай сөздерді көп айтқан», - деді Байжанов.

Судья Байжановқа «ҚК-нің 432-бабы, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу және ҚК-нің 434-бабы, белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша тағылған айыпты мойындайсыз ба?» деп сұрақ қойды.

Айыпталушы бұл айыптарды мойындамайтынын айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары