$ 494.87  520.65  4.91

Жапония ғалымдары Қазақстандағы жер сілкінісін зерттемек

Оның айтуынша, семинар кезінде жапон ғалымдары Орталық Азияның және Кавказ елдерінің өкілдерімен бірлесіп, сейсмикалық қауіпсіздік саласында тәжірибе алмасады.

Коллаж: Aikyn.kz
Коллаж: Aikyn.kz

 Жапон ғалымдары Қазақстандағы жер сілкісін зерттейді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Биыл 16-19 сәуір аралығында Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің жанындағы KazAID халықаралық даму агенттігі Алматы қаласында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша жапон мамандарының қатысуымен арнайы семинар өткізеді. Іс-шараны Жапонияның JICA халықаралық даму агенттігі, Құрылыс саласындағы ғылыми зерттеу және жобалау институты, Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы бірлесіп ұйымдастырады. Олар сейсмикалық оқшаулау саласындағы озық технологиялар мен стандарттар туралы пікір алмасып, сейсмикалық құрылыстағы әлеуетті ынтымақтастықты талқылайды. Сарапшылар Алматы және Ното қалаларындағы соңғы жер сілкінісін зерттейді. Бұл болашақта сейсмикалық тәуекелдің алдын алу стратегиясын әзірлеуге өз септігін тигізеді», - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, семинар кезінде жапон ғалымдары Орталық Азияның және Кавказ елдерінің өкілдерімен бірлесіп, сейсмикалық қауіпсіздік саласында тәжірибе алмасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары