Қос команда да көш бастаудан басты үміткер болғандықтан, бұл кездесудің тартысты өтері күмәнсіз еді.
Футболдан Қазақстан чемпионатының бесінші турында орталық матчта «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қос команда да көш бастаудан басты үміткер болғандықтан, бұл кездесудің тартысты өтері күмәнсіз еді.
Алматылықтарды қырғызстандық Кирилл Кекер жаттықтырса, «Ақтөбе» командасын ресейлік маман Дмитрий Парфенов баптайды.
Бірінші таймда бұрыштамадан берілген доптан кейін «Қайраттың» қорғаушысы Әділет Сәдібеков 38-минутта өз айып алаңында қолмен ойнап қойды.
Әлібек Қасым 11 метрлік пенальтиді дәл орындады есеп — 1:0.
Ойынның екінші бөлегінде 68-минутта белоруссиялық Дмитрий Бессмертныйдан пас алған Максим Самородов есепті еселеді — 2:0.
Ол 93-минутта қос голдың авторы атанды — 3:0. Осылайша Максим бүгінгі ойында дубль жасады. Бұдан кейін 97-минутта «Қайраттан» Вячеслав Швырев есепті қысқарта алды.
Ойын қорытындысы бойынша «Қайратты» 3:1 есебімен қапы қалдырып, ұпай санын 10-ға жеткізген ақтөбелік клуб турнир кестесінде жеке-дара көш бастады.
Естеріңізге сала кетейік, "Ақтөбе" футбол клубының ойыншылары "Қайрат" командасын қонақта соңғы рет 2015 жылы ұтқан еді.