$ 494.87  520.65  4.91

Орал қаласында Жайықтағы су деңгейі қауіпті шектен асып кетті

Бір тәулікте 24 сантиметрге көтерілген.

Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

Орал қаласында Жайық өзеніндегі су деңгейі 852 сантиметрге жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 21 сәуір таңғы сағат 08.00-дегі мәліметіне қарағанда, өзен деңгейі облыс орталығындағы гидробекетте бір тәулікте 24 сантиметрге көтеріліп, қауіпті шектен (850 см) асып кетті.

Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында 902 (+3, қауіпті шегі – 1 250 см), Көшімде 833 (+29, 850 см), Тайпақта 514 (+10) сантиметрді көрсетті.

Сондай-ақ Көшім каналындағы су деңгейі 824 сантиметрге (+11, қауіпті шегі – 800 см) жетті.
Шаған өзені деңгейі Чувашин ауылында 731 (+18, қауіпті шегі – 1 300 см) сантиметр болды.
Бәйтерек ауданы Рубежка өзені деңгейі 946 см (+3) болып, қауіпті шекке (1 мың см) жақындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары