21.04.2024, 21:30

Елена Рыбакина алғаш рет Штутгарт турнирінде чемпион атанды

Фото: lenarybakina/Instagram

Ол 500 рейтингілік ұпайға қоса «Порше» автокөлігіне ие болды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 27-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бір сағат 9 минутқа созылған матчта қазақстандық спортшы эйс жасамағанымен, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Осылайша, Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет Штутгарт жарысының чемпионы атанды. Ол 500 рейтингілік ұпайға қоса «Порше» автокөлігіне ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакинаның Штутгартта әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, финалға шыққанын хабарлағанбыз.