$ 474.62  517.19  5.39

Балқашта джиптағы зейнеткер 9 жасар қызды қағып кетті (ВИДЕО)

Жол талғамайтын көлікті басқарған 72 жастағы ер адам болып шықты. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

24 сәуір күні Балқашта жаяу жүргіншілер өткелінде тоғыз жасар қызды қағып кетті. Зардап шеккен қыз жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде оқиғаның видеосы тарады. Қыз реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолды кесіп өтіп бара жатады. Бір көлік тоқтап, баланы өткізеді, бірақ көрші жолақпен келе жатқан жүргізуші қызды қағып кетеді. 

Жол талғамайтын көлікті басқарған 72 жастағы ер адам болып шықты. 

«Бүгінде жәбірленушіге қойылған диагнозға сәйкес ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Зардап шеккен адам медициналық құжаттар бойынша толық жазылғаннан кейін сот медициналық сараптамасы жүргізіледі», - деді Балқаш полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадрин.

Дәрігерлер қыздың мойын сүйегінің сынғанын, бас миының жарақаты мен тістің зақымдануы бар екенін хабарлады. Оған операция жасалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары