$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда жаңа жол белгілері бекітілді

Осы белгілердің кейбірі Алматы және Астана қалаларында тестілік режимде енгізілген және өз тиімділігін көрсетті.

Фото: Unsplash
Фото: Unsplash

Бұл биыл 1 мамырында қолданысқа енгізілетін ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына өзгерістер мен толықтырулар туралы болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен ҚР СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген осы өзгерістер жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және жол қозғалысының барлық қатысушыларына қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Негізгі жаңалықтардан:

  1. Міндетті айырым белгісі: гибридті қоспағанда, барлық электромобильдер қолдануға тиіс «Электромобиль» белгісі.
  2. Жаңа жол белгілерін енгізу:

- Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүмкін болатын авариялық жағдайлардың алдын алу үшін тротуарларға орнату жоспарланған «Электр самокаттарда жүруге тыйым салынады»;

-«Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі»;  

- «Қарама-қарсы жүріс бөлігіне қайта ауысу»;

- «Қарама-қарсы жүріс бөлігінің соңы».

Мүгедектігі бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін, сондай-ақ осындай адамдарды тасымалдайтындар үшін жол инфрақұрылымының қолжетімділігі көзделгенін ерекше атап өткім келеді.

Осы белгілердің кейбірі Алматы және Астана қалаларында тестілік режимде енгізілген және өз тиімділігін көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары