$ 494.87  520.65  4.91

Дамир Бекбосынов: Мұратымыз – жастарды бір мақсатқа жұмылдыру

Кездесудің мақсаты «Дала қырандары» бірлестігінің мақсаты мен идеясын таныстыру, студенттерді еріктілер қатарына шақыру.

Фото: APEMS
Фото: APEMS

Қазақстандық спортшылар бірлесіп құрған «Дала Кырандары» жастар қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облысында су тасқынымен және оның салдарымен күресу үшін үгіт-насихат науқанының бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазіргі уақытта жастар қозғалысының өкілдері БҚО-ның аумағында орналасқан елдімекендерді табиғи құбылыстардың теріс әсерінен қорғауға бағытталған су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысуда.

Бүгін «Дала Қырандары» ЖҚБ  үйлестірушілері Астана қаласының Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының (APEMS) студенттерімен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Кездесу барысында елге танымал, Қазақстанның туын көптеген биік тұғырлардан көтеріп жүрген спортшылар –  Асхат Ділмухамедов, Алмат Кебіспаев, Фируза Шарипова,  Нурғали Турсынғазиев  және Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов қатысты.

Кездесудің мақсаты «Дала қырандары» бірлестігінің мақсаты мен идеясын таныстыру, студенттерді Орал қаласына баратын көмектің 2-кезеңіне тарту, еріктілер қатарына шақыру. Сондай-ақ спортшылар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп,  жастарды елінің патриоты болуға шақырды.

Дамир Бекбосынов бірлестікті құруға атсалысқан спортшылардың негізгі мақсаты – жастардың басын бір бағытта, бір мақсатта жұмылдыру екенін айтты.

Спортшылар үнемі мақсатпен өмір сүруге жаттыққан. Мысалы, әр спортшының арман-мақсаты – чемпион болу. Ол таңертең сол мақсатпен оянады, кешке сол мақсатпен жатады. Бірақ, өкінішке орай, көптеген жастарымызда мақсат жоқ екені байқалады. Олар ізденіс үстінде және қазіргі жастар әр түрлі. Бірі орыс тілді болса, екіншісі қазақ тілді. Бірінің өмір салты екіншісінің өмір салтынан едәуір алшақ. Мұндай жағдайда жастар арасында ауызбірліктің болуы екіталай. Сондық біздің мақсат-мұратымыз – жастарды бір бағытта, бір мақсатқа жұмылдыру, - деді жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Дамир Бекбосынов.

 

Кездесу барысында орта салмақ дәрежесіндегі Әлем чемпионы, боксшы Фируза Шарипова Орал қаласында 2 апта бойы жергілікті халықпен бірге су тасқыны салдарымен күресуге атсалысу барысы жайлы айтып өтті.

Біз екі кезекпен күндіз және кешке екі апта бойы жергілікті тұрғындармен, басқа да көмектесіп жатқан еріктілермен бірге жұмыс істедік. Халықтың жағдайы ауыр. Әлі де болса көп көмек керек. Сондықтан барлық елім деген қазақстандық жастарды Орал өңіріне көмек беруде белсенділік танытуға шақырамын, - деді боксшы.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары