Куәгерлердің айтуынша, оқиға 25 сәуірде сағат 18:00 шамасында болған.
Ақтауда 4 жастағы бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға 25 сәуірде сағат 18:00 шамасында 17 шағын аудандағы "Дукат" тұрғын үй кешенінде болғанын айтты.
Төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.
Бала оқиға орнында алған жарақаттарынан тіл тартпай кеткен. Оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады Маңғыстау облысының Полиция департаменті.