Мүліктің құнын өтеу үшін негіз ретінде мүліктік шығындарды анықтайтын өңірлік комиссияның шешімі қарастырылады.
Ұлттық экономика министрлігі шығарған бұйрыққа сәйкес, шығындарды өтеу шағын және орта бизнестің иелігіндегі жоғалған мүліктің немесе сол мүлікті қалпына келтіруге жұмсалған шығындардың құнына өтем жасау арқылы іске асырылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының айтуынша, комиссия сақтандырылған мүлікті тізімге қоспайды. Жоғалған, зиянға ұшыраған тауарлардың құны көтерме сауда жеткізушілерден сатып алу бағасы бойынша өтеледі.
Мүліктің құнын өтеу үшін негіз ретінде мүліктік шығындарды анықтайтын өңірлік комиссияның шешімі қарастырылады.
Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Сәттіғұл Сабиров бүгінгі күнге Жылыой ауданының кәсіпкерлерінен 236 өтінім қабылданғанын жеткізді.
Тасқын су кезінде кәсіпкерлерге келтірілген залалды бағалаумен өңірлік комиссия айналысады, - деді ол.