$ 494.87  520.65  4.91

Азия чемпионаты: Қазақстандық үш боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

Жансері Көшербаев (57 келі) тайваньдық Чу По Чунямен өткен жекпе-жекте жеңіске жетті.

Фото: instagram/boxingkazakhstan
Фото: instagram/boxingkazakhstan

Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының бірінші күнінде қазақ боксшылары сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Sports.kz-тің мәліметінше, турнир басында Қазақстаннның бес боксшысы жекпе-жек өткізіп, бесеуі де жеңіске жетті. Үш боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді.

Алексей Хаванцев (60 келі) бірінші раундта бутандық боксшы Дечен Доржиден басым түссе, Ахмет Үсен (63,5 келі) түркіменстандық Мерген Ходжамаммедовпен кездесуін рефери үшінші раундта тоқтатты. Ал Санжар-Али Бегалиев (75 келі) вьетнамдық Фам Данг Луды жеңді. Кездесу екі раундқа созылды.

Сонымен қатар жарыстың бірінші күні Қазақстан құрамасының сапында Нұрасыл Төлебек (54 келі) оңтүстіккореялық боксшы Чжин Чжу Анды айқын жеңді. Ал Жансері Көшербаев (57 келі) тайваньдық Чу По Чунямен өткен жекпе-жекте жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары