$ 494.87  520.65  4.91

«Одан да білім мен оқулық сапасына өзгеріс енгізіңіз»: Дәулет Мұқаев Оқу-ағарту министріне шүйлікті

Соңғы қоңырау ары кетсе 2-ақ сағат болар, бірақ кез келген мектеп түлегі үшін мәңгілік есте қаларлық шара деп білемін.

Фото: daulet_mukayev инстаграм парақшасынан
Фото: daulet_mukayev инстаграм парақшасынан

ҚР Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев еліміздегі соңғы қоңырау іс-шарасының өтпейтінін мәлімдеген Оқу-ағарту министріне шүйлікті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Биыл еліміздің барлық мектебінде соңғы қоңырау соғылмайды. Оның орнына оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді. Алайда депутат министрдің пікірімен келіспейтінін жеке парақшасында жазды.  

“Сыңғырласын соңғы қоңырау үні! Оқу-ағарту министрі, Ғани Бектайұлы! Сіздің мектептерде соңғы қоңырау болмайды деген үндеуіңізді естіп, мен де үн шығаруды жөн көрдім. Биыл 184000 аса түлек мектеп бітіреді екен, соның 36189 түлегі су тасқыны болған аймақтардан екен. Яғни, жалпы түлектердің 20%-ы. Жақсы, ол аймақтарды түсінемін, бірақ қалған 80% түлек неге соңғы қоңырау шарасына қатыспау керек?! Олардың жазығы неде?”, – деп жазды депутат.

Сонымен қатар халық қалаулысы су тасқыны жергілікті билік өкілдерінің жауапсыздығынан болғанын ашып айтып, оқушылардың түк кінәсі жоғын алға тартты. 

“Одан да жылдар бойы дамбы, су қоймасын салмай, ақшаны жымқырып келгендерді жазалау керек шығар?! Бұл – тек 11 бітіретіндер саны, 9-сынып бітіріп жатқандар тағы бар... Былтыр ол, дәстүрлі 25 мамырды 1 маусымға ауыстырып, биыл оны 25 мамырға қайта қайтарып, енді соңында соңғы қоңырау болмайды деп жатырсыз. Оның алдында карантин кесірінен ол болмады. Әйтеуір, жыл сайын бір өзгеріс. Одан да білім мен кітаптардың сапасына өзгеріс жасау керек. Менің ойымша, бұл жағдайда өздеріңіз ғана шешім шығара салмай, ата-ана, оқушылардың да пікірін ескерген жөн деп санаймын. Әлі де 1 ай уақыт бар. Соңғы қоңырау ары кетсе 2-ақ сағат болар, бірақ кез келген мектеп түлегі үшін мәңгілік есте қаларлық шара деп білемін. Осы күнді жылдар бойы күтетін оқушылар жетерлік. Себебі ол өмірде бір рет қана болады. Мектепті екі рет бітіру мүмкін емес. Түлектерге жылы лебіз білдіріп, сәт сапар айтқанның несі жаман? Халық үнін еститін Үкімет мүшесі болсаңыз, халықтың пікірімен санасыңыз", – деп үндеу жасады Дәулет Мұқаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары