Ақпарат бойынша, мектеп 1936 жылы салынған, шатыры ағаштан жасалған.
Семейдегі №43 орта мектеп ғимаратының төбе сылағының бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға 30 сәуір күні 10:20-да болған.
“Үшінші қабаттағы төбе сылағының 1 шаршы метрдей бөлігі опырылып түсті. Оқиға сабақ үстінде болды, жанында мұғалімдер бөлмесі бар. Көп ұзамай құлаған бөлік қоршауға алынып, тазаланды. Сабақ қалыпты режимде жалғасты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ”, – деп хабарлады білім бөлімі.
Олар сылақ опырылған жерде жөндеу жұмыстары жасалды деп сендірді.
Ақпарат бойынша, мектеп 1936 жылы салынған, шатыры ағаштан жасалған.