05.05.2024, 21:30

Өлкетанушы, журналист Балтабек Ерсәлімов дүниеден озды

Фото: zakon.kz

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

 

Абайдың немере інісі, өлкетанушы, журналист Балтабек Ерсәлімов 86 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Балтабек Ерсәлімов 1938 жылы 28 ақпанда Семей қаласында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Ерсәлімов қазақ әдебиетінің діңгектері – Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов шығармалары мен рухани мұрасын насихаттауға белсене ат салысты. Ол сондай-ақ Абай қорының құрылуының басты бастамашыларының бірі.