Ол жақындарына қуаныш сыйлап, мейірім төгер еді.
Бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтан бөлек, айыпталушы Бақытжан Байжанов та соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, ол сол түні ауыр қылмыс жасалып, Салтанаттың көз жұмғанын білмеген.
«Ант ете аламын, сол түні ауыр қылмыс жасалып, Салтанаттың өлгенін білмедім. Егер білсем, шын айттым, бұл әрекеттердің біреуін де жасамас едім. Мен бұл әрекеттерімнің қылмысты жасыру болып есептелетінін білген жоқпын. Егер мен расында бұл сұмдық қылмысты жасырған болсам, өзімді қорғамас едім. Мен өзімді кешірмес едім.
Құрметті, алқабилер үкім шығарарда, ең басты сұраққа жауап табуларыңызды сұраймын! Себебі Осы күндері Салтанатпен кездескен сирек көріністерді еске алдым. Ол жақындарына қуаныш сыйлап, мейірім төгер еді. Ол өте жақсы, шынайы адам болды. Енді Салтанаттың туыстары мен жақындарының бұл ауыртпалығын ешқандай сөзбен жеңілдете алмаймыз. Мен өз жазамды алуға дайынмын», - деді Байжанов.
Еске салсақ, бұған дейін Бишімбаевтың сотта соңғы сөзін айтқанын жазғанбыз.