$ 484.19  524.28  5.03

Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстандық футболшылар алғашқы ойынын өз алаңында Норвегияға қарсы өткізеді.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

 Футболдан Қазақстан құрамасы маусым айында Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан футбол федерациясының мәлімдеуінше, Кездесу 11 маусымда Сомбатхей қаласының «Халадаш» стадионында болады. Басталуы Астана уақытымен 21:00-ге белгіленген.

Қос құрама бұған дейін 10 мәрте кездесті. Оның 5-де жеңіске жетсе, 2-і тең аяқталып, 3-де қарсыласына жол берді.

Сондай-ақ, қазақстандық футболшылар 7 маусымда Армения астанасы Ереванда сол елдің құрамасымен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымының жеребе тарту қорытындысы бойынша Қазақстан В лигасында Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен бірге үшінші топқа түсті.

Қазақстандық футболшылар алғашқы ойынын өз алаңында Норвегияға қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары