Саясаттанушы Қуандық Бишімбаевтың кінәсі дәлелденсе, нақты қандай жазаға кесілетінін айтты.
Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың соты аяқталуға жақын. Бүгін, 6 мамырда Бишімбаев және екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов сотта қорытынды сөзін айтты. Бұл ретте, саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұрынғы министр қандай жазаға кесілуі мүмкін екеніне болжам жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Саясаттанушы Қуандық Бишімбаевтың кінәсі дәлелденсе, нақты қандай жаза кесілетінін айтты.
«Сотталушының өзі айғақ беру және сот талқылауы кезінде бірнеше рет Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты кінәсін мойындады. Оның қанша жылға сотталуы мүмкін екені туралы түркі пікірлер айтылуда. Шартты түрде босату құқығымен 10-15 жылға кетеді. 7-8 жылдан кейін босатуға болады. Бишімбаевтың әрекетін қолдамайтындар оны өмір бойына бас бостандығынан айыруды қалайды. Себебі олар басқа да зорлық-зомбылық көрсетушілерді осылайша жазалағысы келеді», – деп жазды ол.
Саясаттанушының айтуынша, біріншіден аса қатігездікпен кісі өлтіргені үшін10-15 жыл үкім шығарылуы мүмкін
«Бишімбаев 20 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Егер барлық факторларды ескере отырып, мерзімінен бұрын босату құқығы болмаса, бұл жазаның іс жүзінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасынан айырмашылығы жоқ. Көз алдыңызға елестетсеңіз, 44 жастағы күш-қуаты мол, физикалық ләззаттың түр-түрін ақшаға сатып алуға мүмкіндігі бар Бишімбаев ширек ғасыр түрмеде отырады. Ол өмірінің ең жақсы жылдарын түрмеде өткізіп, 2049 жылы 69 жасында шығады. Мұндай жаза өте ауыр», – деді Әбішев.