Олар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан.
Түркістан облысында «Шымкент-Самара» тасжолында оқушылар мінген автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ішінде 16 оқушы мен бір жүргізуші болған газельді өрт толығымен шарпыды. Олар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан. Жолаушылар көліктен шығып үлгірген.
Шақырылған сәттен бастап өрт сөндірушілер өртті 37 минутта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Сондай-ақ Қызылордада ауладағы көлік толығымен өртеніп кетті.
5 қабатты тұрғын үйдің жанында тұрған жеңіл көлік жанған.
Жеңіл автокөлікті толығымен шарпыған өрт 12 минут ішінде сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын-ала болжам бойыншс өрттің себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.