$ 494.87  520.65  4.91

Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды

Қылмыстық іс бойынша алдын ала сот отырысында экс министр өз кінәсін мойындамайтынын айтып, сот БАҚ-тың қатысуымен өтуін сұрады.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Экс-министр Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (қинау) бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Ол сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бишімбаев түпкілікті 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қараша күні Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы оқиға Bau мейрамханасында болды. Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі экс-министрдің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Күдіктіге Қылмыстық істің «Қинау» және «Асқан қатыгездікпен кісі өлтіру» баптары бойынша іс қозғалды.

Қылмыстық іс бойынша алдын ала сот отырысында экс министр өз кінәсін мойындамайтынын айтып, сот БАҚ-тың қатысуымен өтуін сұрады.

Алайда сот процесі аяқталуға жақындағанда Бишімбаев әйелін «абайсызда» өлтіргенін айтып, кінәсін мойындады.

Қуандық Бишімбаевтың соты журналистердің және алқабилердің қатысуымен өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары