Байжанов Бишімбаевтың оған қысым көрсетіп жатқанын да тілге тиек етті. Ол судьядан өзін Бишімбаевтан бөлек отырғызуды сұрады.
Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісінде екінші сотталушы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған ресторанның директоры да тұтқындалды. Қазір олардың сот отырысы ашық түрде өтіп жатыр.
Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін айыпталған.
Сот отырысында Бишімбаевтың қылмысын жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжановтан жауап алынды. Екінші сотталушы Байжанов Бишімбаевтың Салтанат Нүкеноваға қол көтергенін біле тұра, неге араласпағанын түсіндірді.
Байжанов Бишімбаевтың оған қысым көрсетіп жатқанын да тілге тиек етті. Ол судьядан өзін Бишімбаевтан бөлек отырғызуды сұрады.
Бастапқыда Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің «Қылмысты жасырып қалу» (432-бап) және «Қылмыс туралы хабарламау» (434-бап) баптары бойынша айып тағылған болатын. Алайда кейін жарыссөз барысында Байжановтан «Қылмыс туралы хабарламау» деген айып алынып тасталды.
Айыптау қорытындысына сәйкес, Байжановтың қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.