$ 494.87  520.65  4.91

«48 млн теңге жымқырған»: Шымкентте мектеп басшылығы мен бухгалтер сотталды

Ал жұмысына салғырт қараған мектеп директорына 6,9 млн теңге айыппұл салынды. 

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

http://sn.kzШымкентте №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары, білім мекемесінің бухгалтері сотталды. Оларға педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорына бөлінген 48 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Үкім Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мәлім еткендей, сот үкімімен белгіленген нормативтен тыс жалақыны заңсыз аударғаны, сондай-ақ «өлі жандарға» жүйелі төлем жасап келгені үшін директор орынбасары мен мектеп бухгалтері 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Ал жұмысына салғырт қараған мектеп директорына 6,9 млн теңге айыппұл салынды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары