$ 494.87  520.65  4.91

«Сана берсін»: Әкім өзіне зорлық қылды деген бұрынғы әйелінің сөзін жоққа шығарды

Ал Атырау облысының әкімдігі аудан әкіміне қатысты қызметтік тексеріс жүргізілетінін хабарлады.

Фото :gov.kz, instagram.com/umbetkaliyeva_notarius
Фото :gov.kz, instagram.com/umbetkaliyeva_notarius

Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов экс-әйелінің айыптауларына жауап беріп, өзіне жала жабылды деп санайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Тағы бір шенеуніктің әйелі күйеуі ұрып-соққанын айтып, мемлекеттен көмек сұрады (ВИДЕО) 

Әйелінің омыртқасын сындырған: Атыраулық шендіге қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі

“Бұрынғы әйелімнің тарапынан маған тағылған айып БАҚ-та тарап кетті. Жеке өміріме қатысты пікір білдіру орынсыз деп санаймын. Ал бұрынғы әйеліме сана берсін деймін. Ол соңғы жайттарға байланысты түрлі видеоны қарап алып, менің жұрт алдында жүргенімді біліп, осындай мәлімдеме жасаған болуы керек. Ортақ балаларымыз – екі қызымыз менімен тұрады. Бұл қыздарымның және соттың шешімі. Ұрып-соғуға қатысты – қазір сот процесі жүріп жатыр, БАҚ өкілдерінен асығыс шешім қабылдамауды сұраймын”, – дейді аудан әкімі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары