$ 494.87  520.65  4.91

«Планшет пен бір миллион»: Астана әкімі кішкентай баланы құтқарған оқушымен кездесті

Сондай-ақ болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетеміз

Фото: elorda.info
Фото: elorda.info

Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде № 31 мектеп-гимназияның 7Д сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы жағдайдың алдын алған болатын.  Бүгінде жасаған ерлігі үшін марапат алып та үлгерді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек батырдың ата-анасымен кездесті. Ақан Әкімжановқа 1 миллион теңге табысталды.

Ақан өзінің жылдамдығымен және батылдығымен ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды. 7-сынып оқушысы 4-қабатта ілініп тұрған кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалды.

Ақанның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайықты тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін! Ақан сол сияқты оқуда да, спортта да жетістіктерге жетіп жүр. Мұғалімдері мен сыныптастары ол туралы адал дос, саналы және жауапкершілігі мол оқушы деген пікірде.

Ақанға планшет пен бір миллион теңге сыйға берілді. Сондай-ақ болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетеміз, - деп жазды Ж.Қасымбек.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Астанада мектеп оқушысы балконға ілініп тұрған баланы аман алып қалды (ВИДЕО)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары