$ 474.83  518.99  5.4

Айка тізімі: Интимдік қызмет көрсеткендер қандай жазаға тартылады

Министрдің бірінші орынбасары клиенттерді де жазалауды қолдайтынын айтты.

Фото: ulysmedia.kz коллажы
Фото: ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев «Айка тізімі» қылмыстық ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Үкім шықты, оған қатысты түсініктеме бермеймін. Интимдік қызмет көрсеткендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі шектеулі, сондықтан әр жағдай жеке қаралады, - деді Марат Қожаев Мәжіліс алаңында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, министрдің бірінші орынбасары клиенттерді де жазалау керектігін қолдайтынын айтты.

Кеше Алматы қаласының Әуезов аудандық соты қоғамды елең еткізген «Айка тізімі» бойынша қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Антикор «Айка тізімі» бойынша істі тергеп жатқанын растады

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары