$ 471.83  505.66  5.4

Желіде жігіттің қызды тыржалаңаш қуып шыққан видеосы тарады (ВИДЕО)

Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Көп қабатты пәтерлердің бірінде жігіт қызды көпшілік жүретін дәлізге тыржалаңаш қуып шыққан. Видеожазба желіге тарап кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Zhest_kz Instagram парақшасындағы видеода жігіт қызды пәтерден күштеп шығарып жібереді. Жағдайға дәлізде тұрған екі жігіт араласады. Видеоның соңында олар қуып шыққан жігітті сыртқа ертіп шыққанын байқауға болады.

Оқиғаның Қазақстанның қай қаласында, қай уақытта болғаны белгісіз.

Желі қолданушылары «Қыздар жігіт іздегенше білім-ғылым жолын қуыңдаршы...»,  «Масқара еркектер не болып барады», «Осындай видеоларды неге саласыздар? Түсінбеймін. Керек па осының бәрі? Білгендерін істесін, адамдарды болжатып қойдыңыз. Мүмкін мүлде басқа жағдай шығар. Туыс-туғандары көреді дегендей, ұят қой!» деген пікірлер қалдырған.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары