$ 494.87  520.65  4.91

«Енді ректорлар 2 мерзім ғана отырады»: Министр Ерлан Сыдықовтың 13 жыл ректор болуына қатысты пікір білдірді

Заңның кері күші жоқ.

Фото: SN.KZ коллажы
Фото: SN.KZ коллажы

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Садықовтың 13 жылдық ректорлық қызметінің ұзақтығын түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Министр атағандай, былтыр Ерлан Садықовтың мерзімі 3 жылға ұзартылған.

Бізде ректорларды тағайындайтын  республикалық комиссия бар. Оның төрағасы – Премьер-министрдің орынбасары. Ол комиссияның ережесіне арнайы шешіммен өзгертулер енгізіп жатырмыз. Онда кез келген мемлекеттік университеттің басшысы 2 мерзіммен шектеледі. Толыққанды мерзім 3 жыл болса, енді 6 жыл ғана жұмыс істей алады, - деді Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, биылдан бастап конкурсқа қатысқан ректорларға осындай шектеу қойылмақ.

Бұрын қабылданған шешімдерге біздің күшіміз жоқ. Осыған дейін создырған адамдар отырады. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, ректорлардың басшылық етуіне Азия елдері шектеу қояды. Ол бір немесе екі мерзімге созылуы мүмкін. Ұлыбритания екі мерзіммен шектейді. Солтүстік Америкада қамқоршы кеңес өздігінен шешім қабылдайды. Жалпы халықаралық тәжірибеде екі мерзім, ол 3 жыл да, 5 жыл да болуы мүмкін, - дейді Саясат Нұрбек.

Еске салсақ, ЕҰУ басшысы Ерлан Сыдықов 13 жыл аталған университеттің ректоры болып отыр. Енгізілген өзгерістерге қарамастан, ол тағы 3 жыл университет басқарады. Себебі заңның кері күші жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары