23.05.2024, 13:00

«Науқаспын, дәрі-дәрмек керек»: АҚШ-та панасыз қалған қазақ спортшысы тағы мәлімдеме жасады

Фото: Josh Hedges/Zuffa LLC

Менің есепшотыма адамдар 200 доллар қаражат жіберді. Бұл ақша маған аптаның аяғына дейін ғана жетеді.

UFC промоушенінде өнер көрсететін жалғыз қазақстандық қыз Мария Агапова АҚШ-та панасыз қалғанын мәлімдеген еді. Ал Sport+ Qazaqstan арнасына берген сұхбатында Мария өзінің психикалық науқас екенін және емделуге де қаражат керек екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 

«Сексуалды құлдыққа сатып жібермек»: UFC-дегі жалғыз қазақ қызы қорқынышты мәлімдеме жасады «Бір жерлеріңе тығып қойыңдар»: Мария Агапова Қазақстан көмегінен бас тартты

"Баспанадан бөлек маған тамаққа және дәрі-дәрмекке ақша керек. Себебі мен психикалық науқаспын. Дәрі-дәрмексіз ұйықтауым мүмкін емес. Жүріс-тұрысым да қиындады. Менің есепшотыма адамдар 200 доллар қаражат жіберді. Бұл ақша маған аптаның аяғына дейін ғана жетеді. Содан кейін Техасқа кетемін, сол жақтан аздап ақша табуым керек", - деді Мария Агапова.

Еске салайық, UFC файтері 20 мамырда Instagram желісіндегі ресми парақшасында панасыз далада қалғанын жазған болатын. Спортшы көпшіліктен материалдық көмек және үйсіздерге арналған баспананың мекен-жайын сұрады.

Тегтер: науқас UFC шетел